ЕО саммиті бірыңғай екпе паспорттарын жасау мәселесін талқылайды, олар жазға дейін жасалуға тиіс

Express Qazaqstan
asiatatler.com

25-26 наурызда өтетін ЕО саммиті Еуропалық Одақ азаматтары үшін бірыңғай екпе паспорттарын жасау мәселесін талқылайды, деді Германия канцлері Ангела Меркель.

"Біз цифрлық жасыл сертификат іспетті құжатты қолға алудың жаңа қадамдары туралы сөйлесетін боламыз, ол жазға дейін жасалмақ, сонда адамның вакцина алғандығын, алмағандығын есепке алуға болады", деді Меркель бір күн бұрын Бундестагта үкіметтің мәлімдемесін жария еткен кезде.

Оның айтуынша, мұндай паспортты жасаудың саяси аспектілерімен қатар техникалық аспектілер пысықталатын болады.

"Бұл оңай міндет емес, өйткені біз осы сертификатпен қандай құқықтардың байланысты екенін анықтауымыз керек", деп атап өтті Германия канцлері.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров