Ұлыбритания, Германия, Франция басшылары және тағы 21 ел пандемияға қарсы халықаралық келісімге қол қоюға үндеу тастап отыр


Әлемнің 24 мемлекетінің басшылары, сондай-ақ ДДСҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс алдағы пандемияларға қарсы күресуге бағытталған халықаралық келісім жасасуға шақыратын хатқа қол қойды.
Бұл үндеуді қолдағандардың арасында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишель, Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте, Норвегия премьер-министрі Эрна Сульберг, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Сербия президенті Александр Вучич, ОАР президенті Сирил Рамафоса, Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин, Украина президенті Владимир Зеленский және т.б. бар.
"Біз пандемияның алдын-алу, анықтау, бағалау және оған тиімді жауап қайтару үшін жақсы дайындалуымыз керек, жоғары деңгейіндегі үйлесімділік қажет. Covid-19 коронавирустық пандемиясы ауыр ескерту болып отыр, яғни барлығымыз үшін қауіпсіздік орнамайынша, ешкім өзін қауіпсізбін деп санай алмайды", делінген хат мәтінінде.
Бөлісу