Косово президенті парламенттің бұрынғы төрағасы Вьос Османи-Садриу болды


Парламенттің бұрынғы спикері Вьос Османи-Садриу Косово президенті ретінде ант берді, деп хабарлады Associated press дүйсенбіде.
Османи Садриуды үшінші дауыс беру кезеңінде 120 депутаттың 71 қолдап дауыс берді. Екі оппозициялық партия мен серб этникалық азшылық партиясы сайлауға бойкот жариялады.
Өткен жылдың қараша айында 38 жастағы Вьос Османи-Садриу бұрынғы президент Хашим Тачидің орнына уақытша қызмет атқара бастаған. 1990 жылдары Сербия Тәуелсіздігі үшін соғысқа қатысып, көтеріліске шыққандардың командиріне әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айып тағылған соң ол отставкаға кетті.
Османи Садриу Косовоның екінші әйел президенті. 2011 жылдан 2016 жылға дейін бұл қызметті Атифете Яхьяга атқарған.
Республиканың тәуелсіздігін 100-ден астам ел мойындайды.
Бөлісу