Шетелдік әскерлер Ауғанстаннан кеткенге дейін Тәлібан халықаралық конференцияларға қатыспайды

Express Qazaqstan
nytimes.com

 "Тәлібан" қозғалысы (бірқатар елдерде, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстаннан барлық шетелдік әскери күштер шығарылғанға дейін халықаралық конференцияларға қатыспайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы  батыс БАҚ  Катардағы қозғалыс кеңсесінің өкілі Мохаммад Наимнің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сейсенбіде АҚШ президенті Джо Байденнің АҚШ әскери күштерін Ауғанстаннан 2021 жылдың 11 қыркүйегіне дейін шығару туралы жоспарларын  жариялауы белгілі болды. Бұрынғы американдық әкімшілік   әскерлерді әкетуді 2021 жылдың  1-мамырына дейін жоспарлаған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров