Путин коронавирусқа қарсы екінші екпе жасағанын айтты

Express Qazaqstan
РФ президентінің баспасөз қызметі/ТАСС

Ресей президенті Владимир Путинге сәрсенбіде коронавирустық вакцинаның екінші компоненті салынды.

"Мен дәл қазір, осы залға кірер алдында, екінші екпе жасағанымды хабарлағым келеді және бәрі жақсы болатынына сенімдімін", - деді ол бейне байланыс режимінде Ресей Географиялық қоғамының Қамқоршылық кеңесінің отырысында.

"Сіздерге де солай тілеймін,  жақындарыңызға қамқорлық жасай отырып, дәл солай істеп, менің үлгімді ұстанатын шығарсыздар", деді Путин отырысқа қатысушыларға.

Президент сондай-ақ "пандемия жақын арада, соның ішінде елде белсенді түрде жүргізіліп жатқан вакцинацияның арқасында артта қалады", деген үмітін білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров