АҚШ Ресеймен "тіл табысуы" керек, дейді Трамп

Express Qazaqstan
© AP

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп АҚШ Ресеймен, Қытаймен және КХДР-мен "тіл табысуы" керек, деп санайды.

"Ресеймен тіл табысқан жақсы, Қытаймен де  тіл табысқан  жақсы, бірақ Қытаймен арадағы  проблема коронавирустық жағдайға байланысты болды",  деді ол Fox News - ке берген сұхбатында.

"Мен Путинмен тату болдым, мен оған, ол маған ұнады. Бұл жаман емес, жақсы", - деді Трамп.

Оның айтуынша, Ресейге  қатысты  "жалған әңгімелер" экономикалық істерді жүргізуге кедергі келтірген. "Біз көп ақша таба алар едік, олардың  керемет табиғи ресурстары бар", - деді Трамп.

Ол сондай-ақ КХДР-мен де  "тіл табысу" керек екенін атап өтті. Трамп сонымен қатар  Барак Обама АҚШ президенті болған кезде, ең үлкен проблема "соғыс болады", деп айтқанын еске салды.

"Бірақ соғыс болған жоқ, біз жақсы татуласып кеттік. Ол (КХДР жетекшісі Ким Чен Ын - ИФ) маған, мен оған ұнадым, бұл жерде тұрған ештеңе жоқ", - деді Трамп.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров