Президент: Қазаққа жерді сырттан ешкім сыйға тарқан жоқ

Express Qazaqstan

ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осылай деп жазды.

«Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент еліміздің солтүстік, оңтүстік немесе шығыс, батыс деп бөлінбейтін біртұтас мемлекет екенін нықтап айтты. Бұл тек шартты атауларды білдіреді деген Қасым-Жомарт Тоқаев әр түстіктегі үш облыс атауларының өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.

«2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз», - деді президент.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров