Әділет министрі президентке ведомствоның өткен жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндады

Экспресс К
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні әділет министрі Марат Бекетаевтың өзі басқарған ведомствоның өткен жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

Бекетаев президентті заң жобаларын әзірлеу барысы, олардың құқықтық сараптамасы, сондай-ақ азаматтар мен бизнес өкілдеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті, делінген президенттің сайтында жарияланған хабарламада.

"Министр қазіргі уақытта адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін реттеу, олардың қызметтерін цифрландыру, осы саладағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және тәртіптік функцияларды дамыту бойынша бірқатар бастамалардың іске асырылып жатқанын хабарлады", делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Бекетаевқа заң жобаларын сапалы дайындау жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету жөніндегі бастамаларды жоғары деңгейде жүзеге асыруды тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров