Қырғызстан президенті Қазақстанға келуді жоспарлауда

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметі дүйсенбіде.

Әңгімелесу барысында тараптар "қазақ-қырғыз достық қатынастарының, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің мызғымастығын" растады, "екіжақты өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығару үшін белсенді бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді", делінген Қазақстан президентінің сайтында жарияланған хабарламада.

"Әңгімелесу барысында алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапарын дайындау мәселелері қаралды",  делінген баспасөз хабарламасында.

Тоқаев ұлықтау рәсімінің сәтті өткенін атап өтіп, Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті лауазымына сайлануымен тағы да құттықтап, бауырлас қырғыз халқының әл-ауқаты мен ілгерілеуі жолындағы жауапты миссиясына табыс тіледі.

"Садыр Жапаров Қазақстан президентіне ізгі тілектері үшін алғысын білдірді, сондай - ақ елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа оның қызметке кірісуіне байланысты жазбаша құттықтауы үшін ризашылығын жеткізді", делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров