Тоқаев жасанды интеллект саласында мемлекетаралық білім беру бастамасын құруды ұсынды

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттер үшін мемлекетаралық білім беру бастамасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан"тілшісі.

"Оқушылар мен студенттер үшін жаңа технологиялар мен жасанды интеллект саласында мемлекетаралық білім беру бастамасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Форум барысында басқа да көптеген перспективалық идеялар мен сындарлы ұсыныстар айтылатынына күмән жоқ", - деді Тоқаев жұма күні Digital Almaty халықаралық форумын ашқан кезде.

"Қазақстан жаппай цифрландыруды және деректер алмасуды жолға қоюды одақтағы (Еуразиялық экономикалық одақ - ИФ-Қ) төрағалығының басымдығы ретінде жариялады. Біз осы күн тәртібін белсенді түрде ілгерілетуге ниеттіміз және одаққа қатысушы барлық елдермен нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеміз", - деді президент.

* * *

"Назарбаев Университеті" базасында жасанды интеллекттің ұлттық кластерін құру аясында бес жыл ішінде $1 млрд жуық инвестиция тарту жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Назарбаев Университеті" базасында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылуда. Ақпараттың өсіп келе жатқан көлемін тиімді өңдеу үшін деректер орталықтары құрылады. Бес жыл ішінде біз бұл бағытқа шамамен 500 млрд теңге немесе $1 млрд инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз", - деді Тоқаев жұма күні Алматыда өтіп жатқан "Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" форумына қатысушыларға құттықтау сөзінде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров