Жоғары Сот Кеңесінің басшысы президентке Кеңестің өткен жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбіде Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың еліміздің судьялар корпусының жай-күйі, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есебін тыңдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.


Донақов президентке Қазақстан халқына арналған жолдауы мен  судьялардың республикалық съезінде берілген тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.

"Сонымен қатар, президентке судьяларды іріктеу сапасын жақсарту үшін Жоғары Сот Кеңесінің жұмысында қолданылатын заманауи HR және цифрлық технологияларды енгізу туралы баяндалды", делінген хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізуді жалғастыруды, сондай-ақ жаңадан құрылған әкімшілік соттарға судья кадрларын сапалы іріктеуді тапсырды, делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров