"Қазатомөнеркәсіп" басшысы Тоқаевқа 2020 жылдың қорытындысы туралы есеп берді

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.


Пірматов президентке компанияның 2020 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Оның айтуынша, пандемияға қарамастан, компания алдына қойылған барлық міндеттерді орындаған.

"Үшінші жыл қатарынан" Қазатомөнеркәсіп" өнімді өткізу бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді және әлемдік нарықта уран өндірісі мен сату көлемі бойынша көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап  отыр",  делінген мемлекет басшысының сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ Тоқаевқа цифрлық түрлендіру бағдарламасын іске асыру барысы, бизнес-процестерді жетілдіру және жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндіретін  зауыт құрылысының аяқталуы туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент "Қазатомөнеркәсіп" басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Алдында хабарланғандай, 2020 жылы ұлттық атом компаниясы уран өндірісін 14,6% , 19,477 мың тоннаға дейін қысқартты, сату көлемін 2,4% , 16,432 мың тоннаға дейін ұлғайтты.

"Қазатомөнеркәсіп "-уран мен оның қосындыларын, сирек кездесетін металдарды, атом энергетикалық станцияларға арналған ядролық отынды және арнайы жабдықты экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы, оны "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры  АҚ басқарады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров