Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы президентке алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Мемлекет басшысы президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанованы қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық комиссияның қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есепті тыңдады.

"Кездесу барысында отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық - зомбылыққа жол бермеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру мәселелері қаралды",  делінген таратылған хабарламада.

Мемлекет басшысы заң жобасын дайындау үдерісіне барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар атсалысуы тиіс екенін атап өтті.

"Отбасы институтын барлық деңгейде нығайту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс - қимылдың тиімді регламентін әзірлеу қажет",  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, президент әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысына қатысты ұсынылып отырған өзгерістерді қолдап, "азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды жолға қою қажет", деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге әйелдер кооперациясын енгізу жөніндегі жобаны да оң бағалады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров