Ауғанстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыру алды

Экспресс К
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани телефон арқылы екіжақты ынтымақтастық пен перспективаларды талқылады. Әңгіме ауған тарапының бастамасымен өтті, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметінен.


"Ауғанстан президенті Қазақстанға ауғанішілік диалогты ұдайы қолдағаны және  еліне тиімді, ауқымды экономикалық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді", делінген сәрсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстанның Ауған мемлекетін жан-жақты қолдау бағытынан  өзгермейтіндігін растады.

Тоқаев Ауғанстанмен жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар жөніндегі елші дәрежесіндегі арнайы елші институтының құрылғанын атап өтті.

Президенттер осы жылдың бірінші жартысында үкіметтік делегацияның Қазақстанға сапары барысында ынтымақтастықтың нақты мәселелері мен бағыттары бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

"Президент Ашраф Ғани үкіметтік делегациялардың келіссөздерінің қорытындыларын бекіту және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара іс - қимылдың перспективаларын талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақыру алды",-деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров