Қазақстан президенті Жоғарғы Сот судьясының пара алуын "өрескел жағдай" деп атады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың резонанстық жағдайына наразылық білдіріп, Жоғарғы Сот басшылығын қорытынды жасауға шақырды.


"Өрескел оқиға орын алды. Жоғарғы Соттың 30 жылдық тәжірибесі бар судьясы, Жоғарғы Сот Кеңесінің бұрынғы мүшесі, сондай-ақ аудандық соттың судьясы ұсталды. Бұл оқиға бәріне белгілі болды. Менің ойымша, Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы Сот басшылығы бұдан сабақ алып, қажетті қорытынды шығаруы керек", - деді Тоқаев жұма күні өткен сот жүйесін жаңалау мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президенттің сөздері оның ресми сайтында жарияланған хабарламада келтірілген.

Мемлекет басшысы соңғы бес жылда Сот алқасының шешімі бойынша 29 судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылғанын атап өтті.

"Төрешілер қатарының белсенді тазартылып жатқаны байқалады. Бұл процесті ешқандай жағдайда тоқтатуға болмайды. Біз адамдардың бойында қалыптасқан судьяға деген теріс  көзқарасты өзгертуіміз керек. Фемиданың барлық қызметшілері заңдылықты, тұрақтылықты және кәсіпқойлықты жүзеге асыруы керек. Тек осылай ғана біз құқықтық мемлекет пен әділетті қоғам құра аламыз", - деді Тоқаев.

Алдында хабарланғандай, өткен бейсенбіде Нұр-Сұлтанда көп ақша  алған кезде Жоғарғы Соттың судьясы ұсталды. Ол Жоғары Сот Кеңесіндегі жұмысы кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыруда көрсеткен көмегі үшін ақша алған.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ол кезде ЖС судьяларының қайсысы ұсталғанын анықтаған жоқ. Алайда бірқатар БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ұсталған 62 жастағы Жоғарғы Соттың судьясы Мейрам Жангуттинов екенін хабарлаған болатын.

* * *

Соттарда  қаралған істер  бірдей болғанмен, әртүрлі шешімдердің шығарылуы қоғамда теріс реакция тудырады, соттар сыбайлас жемқорлықққа жол берді, деп күдіктенуге себеп береді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жоғарғы Сот төрағасы маған бірнеше рет судьялар бірдей жағдайларда әртүрлі шешімдер қабылдайтынын айтты. Мұндай күмәнді жағдайларға жол беруге болмайды. Бұл қоғамда жағымсыз реакция тудырады, барлық соттар жемқор деген ақпарат таратылуда", деді Тоқаев жұма күні өткен сот жүйесін жаңалау мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президенттің сөздері оның ресми сайтында жарияланған хабарламада келтірілген.

"Сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары мен сот практикасына шолулардың мүмкіндіктерін кеңінен және жедел пайдалану қажет. Сондай-ақ, ІТ - сервистер негізінде талдау мүмкіндіктерін пайдалану қажет", деді Тоқаев.

Президент соттардың қылмыстық іс жүргізу барысында тергеу органдарына қарамауға тиіс екенін, ал егер мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдемесе, айыптау үкімі шығарылмайтынын атап өтті.

"Судьялардың принциптілігі кезінде сотқа дейінгі тергеулердің сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға ұшыраған азаматтардың құқықтарының қорғалатыны сөзсіз", деді мемлекет басшысы.

* * * 

Сот реформасының сәтті болуында  судьялардың кәсібилігі басты рөл атқарады, ал оларды іріктеу ашық әрі ел азаматтары үшін түсінікті болуы тиіс, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Өткен жылғы жолдауда мен жаңа судьяларды іріктеу процесін ашық етуді тапсырдым. Азаматтар кімнің және қандай еңбегі үшін судья болатынын білуге құқылы. Бұл мәселені кідіріссіз шешу керек", - деді Тоқаев жұма күні өткен сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президенттің сөздері оның ресми сайтында жарияланған хабарламада келтірілген.

"Жоғары Сот Кеңесінің маңызды міндеті соттарды жоғары білікті кадрлармен жедел қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, Жоғарғы Сот кадрлардың ауысу себептерін талдауы керек. Судья мамандығы мықты заңгерлер үшін тартымды болуы керек", деді президент.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров