Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Экспресс К
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды, делінген мемлекет басшысының дүйсенбіде бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша сайтында жарияланған хабарламада.

"Қазіргі кезеңде біз
экономикадағы жағымсыз процестерді жоюға күш салудамыз. Осыған байланысты кейде Ұлттық қордан қаражат жұмсауға тура келеді. Сондықтан бұл қаражаттың заңды және орынды игерілуі өте маңызды",  делінген хабарламада.

Ол әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шараларға бөлінетін қаражатқа ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

"Сондай-ақ жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелерін әрдайым бақылауда ұстау қажет. Бюджеттен бөлінген әрбір теңге нысаналы мақсаты бойынша жұмсалып, қоғамға пайда әкелуі тиіс", – деп атап өтті президент.

* * *

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев прокурорларды қылмыстарды ашу және олардың алдын алу мәселесінде барынша бастамашыл болуға шақырды.

"Мысалы, біздің көптеген отандастарымыз қаржы пирамидаларының құрбанына айналуда. Тек бір қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық схемаларды жүзеге асыру үшін зиянкестер  бірдей транзакцияларды бірнше рет жүргізіп барып жоқ болып кетеді. Мұндай күдікті белсенділікті дер кезінде анықтаған жағдайда, көптеген адамдарды асығыс қадамдардан құтқаруға және алаяқтарды жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге болар еді", - деді Тоқаев дүйсенбіде республиканың бас прокуратурасының басшылық құрамымен өткен кеңес барысында.

Тоқаевтың айтқан сөздері мемлекет басшысының сайтында жарияланған баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

"Менің сондай-ақ жаңадан құрылған қаржы мониторингі агенттігіне айтарым бар. Мұнда қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстары көмектесе алады. Сондықтан осы саладағы қылмыстарды болдырмау үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнату қажет. Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашыл болуы тиіс", - деп атап өтті президент.

Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарының функциялары шеңберіндегі іс-әрекеттерді үйлестіруді жолға қоюға шақырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров