Қасым-Жомарт Тоқаев: митинг өткізгісі келетіндердің бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңды ұстануы шарт

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстандықтардың билікті сынауға құқылары бар, алайда олар заңды ұстануға тиіс, деп санайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ешкім азаматтардан билікке қатысты өздерінің  сыни пікірін білдіру құқығын алып тастамайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс", деді Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте.

Президенттің мәлімдемесін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында келтірді.

"Өткен жылдан бастап Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы түбегейлі жаңа заң қолданылуда, онда  рұқсат алу тәртібінің орнына митингілер өткізудің хабарламалық сипаты белгіленген. Сонымен қатар, бейбіт жиналыстарға, оның ішінде наразылық акциясына қатысушылар үшін үлкен қалалардың орталық жағынан орындар бөлінген. Бұл біздің қоғамды демократияландыру бағытындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біз тек қоғамымызда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Митинг өткізгісі келетіндер жаңа заңды ұстануға міндетті", деді мемлекет басшысы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров