Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Өзбекстанның қарым – қатынасы қазіргі заманғы сын-қатерлерге ойдағыдай төтеп беруде

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан  президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.


Әңгіме барысында Тоқаев әлемдегі күрделі жағдай мен пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың дәстүрлі түрде жоғары деңгейде екенін және қазіргі заманғы сын-қатерлерге ойдағыдай  төтеп беріп отырғанын атап өтті.

"Сондай - ақ, Қазақстан президенті Өзбекстан басшысына ең жылы лебізін білдіріп, Өзбекстан басшысының эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өзбекстан СІМ басшысы Тоқаевқа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің  Ташкентте "Орталық Азия және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Қиындықтар мен мүмкіндіктер" деген тақырыпта халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі бастамасына қолдау көрсету туралы өтінішін жеткізді.

Кездесу барысында "достық пен тату көршіліктің берік байланысына" негізделген қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров