Қырғызстан президентіне Бішкекте АХҚО филиалын ашу ұсынылды

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров  "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) болды, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте Бішкекте қаржы орталығының филиалын, ал қаржы орталығының алаңында Қырғызстанның инвестициялар тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін ашуды ұсынды.

Екі елдің көшбасшылары сондай-ақ АХҚО халықаралық соты мен төрелік орталығының, қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің, исламдық қаржы және бизнес хабының, жасыл қаржы орталығының қызметімен танысты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне экспат-орталықтың, АХҚО биржасының, үздіксіз кәсіби даму бюросының және қаржылық технологиялар хабының жұмысы туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың назарына қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері: e-Justice электрондық сот төрелігі жүйесі және TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екі күндік мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров