Байден АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдету жоспарлары туралы мәлімдеді

Экспресс К
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Ақ үй Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге және "С5+1" диалогтық процесті жалғастырмақ, деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден.


"Менің әкімшілігім біздің стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және 5 жыл бұрын мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған" С5+1" диалогтық процесті жалғастырмақ",  делінген Байденнің алдағы Наурыз мерекесіне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолдаған құттықтау жеделхатында.

Жеделхаттан үзінділер жұма күні Қазақстан президентінің сайтында жарияланған хабарламада келтірілген.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Сізді осы оқиғамен құттықтай отырып, менің әкімшілігімнің Сізбен және Қазақстан халқымен жұмыс істеуге үлкен мән беретіндігін атап өткім келеді. Көптеген жылдар бойына біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы тығыз серіктестікті қолдап келеміз", деп жазды Байден.

Наурыз мерекесі қарсаңында америкалық көшбасшы Қазақстан президенті мен халқына бейбітшілік, қуаныш және  гүлдене беруді тіледі.






















    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров