Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан covid-19 вакциналарының жеткізілуін жеделдету үшін тиімсіз коммерциялық шарттарға келісуге мәжбүр

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина  жеткізілімдерін жеделдету үшін тиімсіз коммерциялық шарттарға келісуге мәжбүр, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Екі ай өтті, халықтың 0,2%  бөлігіне ғана вакцина салынды! Енді мен басқа мемлекеттердің басшыларымен вакцинаны қосымша жеткізу туралы келісуім керек... Біз жеткізілімдерді жеделдету үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүрміз", деді Тоқаев бейсенбіде елде аурудың көбеюіне байланысты covid-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте.

Ол "вакцинацияны салу шаруасының  абстрактілі мәселе емес екендігін"  баса айтты.

"Бұл елдің ұлттық қауіпсіздігі  мәселесі. Бұл біздің азаматтарымыздың қосымша ауруға ұшыруы және өлім-жітім. Бұл бизнестің  ала алмаған  кірістері, бюджетке түспей қалған салық, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында халықты вакцинациялау  іс-қимылдары сәтсіз болған жағдайда үкіметке қатысты "кадрлық шешім" қабылдауға уәде берді.

"Алексей Владимирович, бұған дейін мен сізге осы кезеңде денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айттым, сізде ерекше өкілеттіктер бар. Сіз басында  жақсы жұмыс істей бастадыңыз, бірақ содан кейін  белсенділік  төмендеді", деді Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің басшысына COVID-19 таратпау жөніндегі кеңес барысында.

Президенттің сөздері Қазақстан басшысының баспасөз қызметінің твиттерінде келтірілген.

"Сәуір айында сіз жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе,  сізді ренішке қалдырарлық кадрлық шешім қабылдаймыз. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, жалпы үкіметке де қатысты айтылып отыр", деді Тоқаев.

* * *

* * *

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде дәрі-дәрмек тапшылығы туындаған жағдайда "СК-Фармация" (Қазақстандағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай дистрибьюторы) жаңа басшысын жұмыстан босатамын, деп ескертті.

"Жекелеген өңірлерде жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз "СК-Фармация"басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда, жұмыстан босатамыз", деді Тоқаев бейсенбіде covid-19 таратпау жөніндегі кеңес барысында.

Президенттің мәлімдемесін оның баспасөз қызметі Твиттерде жариялады.

Ол сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігіне "дәрігерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының сапасы мен жеткілікті мөлшерін қатаң бақылауды" қамтамасыз етуді тапсырды.

* * *

Үкімет Қазақстанда Ashyq жобасын кеңейтіп, белсенді түрде енгізуі керек, деп мәлімдеді  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ashyq жобасын кеңейту-бизнестің ғана міндеті емес. Үкімет бұл  жүйені кеңейтуді және белсенді енгізуді қамтамасыз етуі керек. Сондай - ақ, тиісті нормативтік базаны құру маңызды",-деді Тоқаев COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте.

Ол елімізде цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету қажет екенін, бұл карантиндік шектеулер жағдайында халықтың мобильділігін  сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Цифрлық мониторинг бизнестің, әсіресе қызмет көрсету мен ритейл саласындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі", деді мемлекет басшысы.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша деректерді бақылау және талдау үшін "Ashyq" қосымшасын Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі әзірледі. Енді карантин шаралары кезеңінде қызметі шектеулі spa-орталықтарға, фитнес залдарға, кинотеатрларға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл  түске  бөлінетін тәуекелділік  дәрежесін көрсетеді. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров