Баспасөз хатшысы: Қазақстан Президенті келесі жолы отандық вакцинамен егіледі

Express Qazaqstan
inform.kz

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге ресейлік вакцинамен егілгенін түсіндірді.

"Әлеуметтік желілерде азаматтарымызды неге бұрын Мемлекет басшысы қазақстандық вакцинаны алуға ниет білдірді, алайда оны күтпей-ақ "Спутник-V"егілді деген сұрақ мазалайды. Президент әрқашан отандық өндірісті қолдайтынын жауапкершілікпен мәлімдеймін. Ол Қарағандыда өндірілген вакцинамен егілді және біздің ғалымдарға толықтай сенеді", - деп жазды Уәли бейсенбі күні өзінің Facebook парақшасында.

"Мемлекет басшысы алуға ниетті келесі коронавирустық вакцина отандық дәрі болады. Президент халықты вакцинациялаудың баламасы жоқ екеніне сенімді", - деді ол.

Уәлидің айтуынша, қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Хабарланғандай, Қазақстан Президенті өткен сейсенбіде ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров