Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы автожолдардың сапасына наразы

Express Qazaqstan
april.kg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдердің назарын республикадағы жолдардың сапасыз салынуына аударды.

"Елдегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайы азаматтардың әділ шағымдарын туғызып отыр. Жолдардың сапасының төмендігі оларды  жыл сайын жөндеуді қажет етеді, жұмыс сапасыз орындалады және мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеледі",  деп жазды Тоқаев жұма күні Twitter-дегі парақшасында.

"Үкіметке, әкімдерге және құқық қорғау органдарына жағдайды түзету және олар туралы есеп беру бойынша жүйелі шаралар қабылдау тапсырылды", деді президент.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров