Қасым-Жомарт Тоқаев қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты "ҚазАвтоЖол" басшысын қызметінен босатты

Express Qazaqstan
primeminister.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліповті қызметінен босатты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды", - деп жазды Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол барлық өңірлерде бюджет қаражатының жұмсалуына, көлік магистральдарының құрылысы мен жөндеу сапасына бақылау күшейтілетінін айтты.

"Президент бұл мәселенің шешімін алдағы уақытта да өз бақылауында ұстауға ниетті", - деп атап өтті Уәли.

Бұған дейін Тоқаев өзінің Twitter-де Үкімет пен әкімдердің назарын аудара отырып, республикадағы автожолдардың сапасына қатысты айтқан болатын.

"Елдегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайы азаматтардың әділ шағымдарын тудырады. Жолдардың сапасының төмендігі жыл сайынғы жөндеуді қажет етеді, ол сапасыз орындалады және мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеледі", - деп жазды Тоқаев.

Ол Үкіметке, әкімдерге және құқық қорғау органдарына жағдайды түзету бойынша жүйелі шаралар қабылдауды және олар туралы есеп беруді тапсырды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор болып табылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров