Қасым-Жомарт Тоқаев Бердімұхамедовке әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовқа әкесі Мяликулы Бердімұхамедовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр  тілеймін", - делінген Тоқаевтың жеделхатында.

Түрікменстан Президентінің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедов жексенбі күні 89 жасында қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров