Реформалар жөніндегі жоғары кеңес сәрсенбіде Қазақстанда ұлттық жобаларды дайындау тәсілдерін қарастырады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Келімбетовпен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.


"Кездесу барысында ағымдағы жылдың 21 сәуіріне жоспарланған Реформалар бойынша жоғары кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде цифрландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы жобаларды дайындау тәсілдері қаралды", - делінген хабарламада.

Келімбетов сондай-ақ президентті Әлеуметтік кодекс жобасы мен  "таза парақтан" бастап  реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы хабардар етті, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Кездесу соңында Тоқаев Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарау тәртібін пысықтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров