ОСК басшысы Қазақстан президентіне ауыл әкімдерін тікелей сайлауға дайындық барысы туралы баяндады

Express Qazaqstan
ҚР Президентінің баспасөз қызметі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауға дайындық барысы туралы ОСК төрағасы Берік Имашевтің есебін тыңдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.


"Қасым-Жомарт Тоқаевқа ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға сайлау органдарының дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Сондай - ақ, пандемия жағдайында сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары қаралды",  делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Имашевке бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров