"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының жаңа басшысы болып Алмасадам Сатқалиев тағайындалды

Express Qazaqstan
primeminister.kz


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының жаңа төрағасы Алмасадам Сатқалиевті таныстырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.


"Үкімет басшысы Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдарындағы түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты. (...) Қордың жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиевті таныстыра отырып, Асқар Мамин оның энергетика саласындағы және "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті", - делінген дүйсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев" Самұрық-Қазына" қорының алдына елдің отын-энергетика секторын, инфрақұрылымын, көлік-логистика және индустриялық әлеуетін дамыту, инвестициялар тарту және отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы ұлттық экономиканы одан әрі тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша маңызды міндеттер қойды", — деді Мамин.

Елу жасар Алмасадам Сатқалиев әр жылдары "ҚазТрансОйл", KEGOC, KAZENERGY және т.б. компанияларының топ-менеджментінің құрамына кірді, 2007 жылы Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі қызметін атқарды. 2012-2018 жылдар аралығында "Самұрық-Энерго" АҚ-ны басқарды, 2018 жылдан бастап Қордың активтерін басқару және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Есімовке "Самұрық-Қазына" басшысы лауазымындағы жұмысы үшін алғыс айтып, оның басшылығымен Қор БҰҰ есебінің алдыңғы қатарлы халықаралық қорларының ТОП-20-ында орын алып, өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне жеткенін атап өтті.

Әр жылдары Есімов республика премьер-министрінің міндетін атқарды, Президент әкімшілігін басқарды, Қазақстанның Бельгиядағы, Нидерландыдағы, Люксембургтегі елшісі, республиканың НАТО-дағы және Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігінің басшысы болды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрі, Алматы әкімі, "АСТАНА ЭКСПО-2017"ұлттық компаниясының басшысы қызметтерін атқарған.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " АҚ 2008 жылы құрылды. Қордың басқаруында еліміздің ірі стратегиялық компаниялары бар, олардың арасында Air Astana," Қазақтелеком"," Қазатомөнеркәсіп"," ҚазМұнайГаз"," Қазпошта " және басқалары бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров