"Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшысы Есімов мемлекеттік қызметтен кететінін мәлімдеді

Express Qazaqstan
Ахметжан Есімов / Inbusiness.kz

"Самұрық-Қазына"  мемлекеттік қорының бұрынғы басшысы Ахметжан Есімов елдің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторынан кететінін мәлімдеді.

"Мен" Самұрық-Қазынадан" ғана емес, жалпы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордан кетемін", деді Есімов дүйсенбіде мемлекеттік қордың жаңа басшысын таныстырғаннан кейін.

Ол сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 30 жыл бойы сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

"Ол маған үлкен сенім білдірді, маңызды жұмыс орындарын тапсырды. Мен тырысып көрдім, жұмыс істедім және оның жанында болғаныма, оның серігі болғаныма, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын және бақыттымын",-деп атап өтті Есімов.

70 жастағы Есімов қорды 2017 жылдан бері басқарып келген. Кезінде республика премьер-министрінің міндетін атқарды, президент әкімшілігін басқарды, Қазақстанның Бельгиядағы, Нидерландыдағы, Люксембургтегі елшісі, республиканың НАТО-дағы және Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігінің басшысы болды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрі, Алматы әкімі, "АСТАНА ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы қызметтерін атқарған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров