Қызылорда әкімі ауысты

Express Qazaqstan
Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласының әкімі болып Ғанибек Қазантаев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімдігінде өткен актив жиынында Қызылорданың жаңа әкімін таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша, облыс әкімінің 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі қызметіне Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұл лауазымда Ғанибек Қазантаев Нұрлыбек Нәлібаевты ауыстырды. Ол тағайындалғанға дейін Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров