45 градус аязда қатпайтын дилезь отын

Express Qazaqstan

avtovzglyad.ru

Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарылатын өнім түрлерін кеңейтті. Кәсіпорын шекті қату температурасы — 45 С болатын Altay — 45 қысқы дизель отынының алғашқы өнімін шығарды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі атап өткендей, жаңа өнім К5 класының экологиялық талаптарына сәйкес келеді. Қыстық дизельдік отынның құрамындағы күкірттің аз мөлшері мен қосымдардың болмауы төмен температуралық қасиеттерін жақсартып, өнімді арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес етеді.

"АМӨЗ" ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратында АМӨЗ қатты аяздарға төзімді отын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын болды делінген. ДТ-А-К5 Altay-45 маркалы дизель отыны 403 19154-38-2020 ЖШС СТ бойынша жасалып, мұнайды күрделі өңдеу кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды.

Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін шағын көлемде өндірілетін болады. Тұтынушылардың сұранысына қарай Altay-45 дизель отынын тиеу көлемі ұлғайтылатын болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров