Бетперде тақпай-ақ бәсекелестің кәсібін қалай бұзуға болады?

Express Qazaqstan
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Оңтүстік астанада санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын қадағалайтын мобильді мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданғаннан кейін кәсіпкерлер палатасына заңсыз әрекеттерге қатысты кәсіпкерлерден шағым түсе бастады. Бұл мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында да қаралды.

Мысалы, бақылау тобы балалар киімін сататын дүкенге келіп, бетперде тақпаған адамды көрген. Ол – жәй ғана клиент болып шыққан. Құжаттарда айтылғандай, анықталмаған күйде қалған. Яғни, жай сөзбен айтқанда, қашып кетіпті. Ал жауап беруге дүкен иесіне тура келген.

Топ қызметкерлерінің қысымынан есі шыққан дүкен жетекшісі келушінің бетпердесіз болғаны үшін кінәсін мойнына алып түсініктеме жазған.

Әкімшілік айыппұл 319 мың теңгеден асты. Қазіргі жағдайда мұндай екі-үш айыппұл шағын кәсіпті құлдыратып жібереді. Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін іс материалдарын әкімшілік іс қозғамай қайта жөнге келтіруге қайтарып, бұл оқиға жақсы аяқталды.

Ешкімді кінәлағымыз келмейді, бірақ мониторингтік топтардың жұмыс тәжірибесі біздің өмірімізде бірінші рет болып тұр, сол себепті оны жетілдіру қажет. Мониторингтік топтарға кіретін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың барлық басшылары өз қызметкерлерін оқытуы тиіс шығар, – дейді Алматы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов.

Палата ІІМ мен бас республикалық санитарлық дәрігердің алдында кәсіпкерлер клиенттердің бетперделерді тақпағаны үшін жауап бермеуі керек деген мәселені көтерген болатын. Сондай-ақ, кәсіпкерлер прокуратурадан кәсіпкерлер тарапынан болған құқық бұзушылық жағдайларын тексеруді сұрайды. Бұл мәселені созуға болмайды, осындай көмескілік жағдайда әділетсіз бәсекелестік болатыны анық, себебі тексеріс кезінде маскалық режим бұзушыларды әдейі жіберіп, қастық ойлаушылар кәсіпті құлдыратуы әбден мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров