Есірткі бизнесіндегі «тауықтар» кімдер?

Express Qazaqstan

«ШЕКЕР»

«Шекер» веб-серияның екінші маусымы есірткі курьерінің өмірі туралы баяндайды. Картинада Азат Жұмаділ ойнаған студент Алдиярға шұғыл түрде 500 мың теңге табу керек, әйтпесе оқудан шығарылу қаупі бар. Осылай Алдияр есірткіне белгілі бір жерге тығып кететін курьерге айналады.

Веб-серия есірткі бизнесінің схемасын анық көрсетеді. Ең басында селлер тұр, яғни бизнес иесі. Төменде бухгалтерлер мен кураторлар бар. Одан да төмен – операторлар мен курьерлер (тауықтар). Ешкім бір-бірін білмейді. Барлық өзара әрекеттесулері жасырын түрде Telegram мессенджері арқылы жүзеге асырылады.

Есірткілер белгілі бір жерге жасырын тығып кету арқылы алдын ала келісілген орындарда таратылады. Осындай бір жұмысы үшін курьер 1000 – 1 500 теңге алады. Есірткіні жасырғаннан кейін, ол бұл жерді суретке түсіріп, «қазынаның» орнын белгілеуі керек.

Сериалдың басты кейіпкері бір апта ішінде өзіне қажетті 500 мың теңге табуға ниетті. Бірақ, әрине, мұндай қомақты ақша қолына түскенде тоқтау қиынға соғатыны анық. Сондай-ақ, осы веб-сериядан нашақорлардың қандай күйге түсіп, адамның келбетін жоғалтқанын көрсетеді.

Заманауи цифрлық нашақорлықпен қалай күресуге болады? Қазіргі таңда бұл мәселе басын шапса да өсе беретін «жеті басты айдаһар» сияқты. Курьерлерді ұстау ешқандай пайда бермейді – қайтадан жаңа «шығын материалы» пайда болады.

Әрине, халықаралық қауымдастық Telegram иесі Павел Дуровтың ықпалымен наркомафия басшыларын ұстауда ынтымақтастыққа қол жеткізуі керек. Ол қас қағымда саусағының ұшымен мессенджердің ішінде есірткінің ұялаған індетін тоқтата алатын әбден мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, полицияның арнайы үйретілген иттерін белсенді түрде тарту керек. Егер әрбір тұрғын аймақтарда осындай тыңшылар жүріп тұратын болса, онда есірткі жасырғыш курьерлердің жұмысы сөзсіз қиындай түседі. Арнайы дайындалған иттер күдікті заттың екі атомын да бірнеше метрден сезе алады. Осындай жүздеген иттердің көмегімен тәртіп сақшылары қаламызды нон-стоп режимінде күзететін болса есірткі бизнесінің тамырына бір жолата балта шабары анық.


Жақында «ЭК»-да қазақстандықтардың тұтас ұрпағына қауіп төндіретін жаңа есірткінің түрі меф туралы мақала шыққан болатын. Мақала жарияланғаннан кейін біз әлеуметтік желілерде көптеген пікірлер алдық. Бұндай жауыз наркобарондарды өмір бойы бас бостандығынан айыру керек деп бірнеше адамдар талап еткен болатын. Мақала Facebook мессенджерінде өздігінен жойылып кеткен кезде таңқаларлық жағдай болды. Әлбетте мүдделі тұлғалардың ықпалынсыз емес екені анық…

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров