Қазақтың алғашқы «грэммиі»

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Отандасымыз Иманбек Зейкенов халықаралық "Грэмми" (Grammy) жүлдесін жеңіп алды. Әлемдік чартта маусым жыл бойына хит болған Roses Saint JHN композияциясы өз номиноциясында өзгелерді шаң қаптырды.

Осымен 63-ші рет шымылдығын түрген "Грэмми" басты музыкалық жүлдесі бұл жолы әлемдік пандемияға байланысты онлайн өтті. Шара тарихында алғаш рет қазақстандық өнерпаз жеңімпаз атанды. Жеңгеніне әлі сене алмай жүрген Иманбектің өзі алғашқшы әсерін былайша жеткізді: "Анама, әкеме, командама, менеджерім Кириллге рахмет! "Грэммиге" рахмет!"

Иманбек Зейкенов 2021 жылғы "Үздік ремикс" аталымы бойынша жүзден жүйрік танылды. Оның нұсқасында трек болып, 20 аптадан астам уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-тің топ 10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам рет қаралды. Ұзақ уақыт бойы "Яндекс.Музыка" чартында бірінші орынға ие болды.

Трек бұл чарттардан бөлек, АҚШ пен Ұлыбританияда көш бастап, The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eilish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты әртістерден озық болды.

Айта кетейік, Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы ретінде жұмыс істеген. Музыканы өздігімен үйренген. Кейін теміржолдан кетіп, біржола музыкаға ден қойған. Өзі Ақсу қаласында тұрып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров