21 наурызда еуропалықтар қазақ халық музыкасының концертін тыңдай алады

Express Qazaqstan

ДАЛА ДАУЫСЫ

Шет елде жұмыс істейтін қазақстандықтар өз елінің мәдениетін Еуропа елдерінде насихаттап жүр. Айнұр Арашапова ERG-ның қолдауымен қазақ фольклорлық музыкасының онлайн-концертін өткізбек. Бенилюкс елдері оны Наурыз мерекесі күндері тыңдайды.  

«Қазақконцерттің» жетекші әртістері тікелей эфирде өнер көрсетеді. Қатысушылар арасында қазақтың дәстүрлі әндерін эстрадаға салып орындаушы Ардақ Балажанова, Astana sazy фольклорлық ансамблі бар.

Әз Наурызға арналған мәдени шара 21 наурызда «Nagyz Beauty of Kazakhstan» жобасы аясында өткізіледі. Жобаның мақсаты – Батыс Еуропа тұрғындарын қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру.

Концерт Орталық Еуропа уақытымен сағат 10.00-де, Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады. Жобаның Инстаграмдағы аккаунты: @nagyzbeautyofkazakhstan.

Бұл шара Eurasian Resources Group-тың, Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі, сондай-ақ, Нидерландтағы елшіліктерінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров