Диджей Иманбек «Грэммиге» қатысуы туралы Иван Ургантпен сөйлесті

Express Qazaqstan

Диджей Иманбек и Иван Урган

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов ресейлік тележүргізуші Иван Ургантқа "Грэмми" сыйлығына бәсекелестерінің мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.

Иван Ургант өзінің шоу эфирінде қазақстандықтың осындай үлкен жетістікке жеткен оқиғасын айтып берді. Колледждің қарапайым студенті ремикс жасап, оны әлеуметтік желілерге жүктеген болатын, бұл ремикс бүкіл әлемнің әнқұмарларын билетіп миллиондаған әнсүйерлердің жүрегін жаулаған.

Урганттың өзі тікелей Иманбекке қоңырау шалып сұхбат алған екен. Қарапайым жігіт тележүргізушіге алдымен Грэммиге ұсынылғанына сенбегенін, бұл пранкерлердің айла-амалдары деп ойлағанын айтты. Жоқ, олай емес екен!

"Біз де қуаныштан есеңгіредік" — дейді Ургант. — Сізде мықты қарсыластар бар ма? Жоқ әлде "Грэмми" сыйлығы қанжығаңызға байланды деп есептесек болады ма?

Шынымды айтсам, осы салада тіс қаққан жігіттер: "100 пайыз жеңіс сенікі" — дейді. — Бәсекелестердің тректерін тыңдап, мен де сол пікірде болдым.

"Үздік ремикс" номинациясында бес музыкант өнер көрсетеді. Диджей Иманбек пен Британдық Haywire жуырда атақтары шыққан музыканттар. Американдық Морган Пейдж және португалдық диджей Андре Аллен Анджос аздаған ғана адамдар арасында танымал, ал бірақ 55 жастағы пуэрторикандық Луи Вега электрондық музыка аңызы.

Айта кету керек, қазақстандық бәсекелестерінің бір де бір туындылары америкалық рэпер Сэнт Джон Roses-тің Иманбек өңдеген әні сияқты әлемдік чарттарда ұзақ уақыт сақталмаған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров