Сәнді де ықшам қазақтың ұлттық киімі

Express Qazaqstan
Айдархан Қалиев / Artur Rocha

ШЕКПЕН БІЗДІҢ НАҒЫЗ ӨНЕРІМІЗ

«Шекпен» деген сөзді іздеу жолағына жаза қалсаңыз, ғаламторда бірден ең көп сұратылған «Шекпен деген не?» деп шыға келеді. Соған қарағанда, бұл сөз ұмытыла бастаған сияқты.

Халықаралық атаққа ие дизайнер Айдархан Қалиев тұңғыш рет шекпенді Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кешенінің жерасты мешітінде көргені есінде. Мұражай экспонаты бірден идея ұсынбаса да, бірақ түпсанасына есте сақтау керек деп түртіп қойған екен. Кейін Айдархан басқа шекпенді Жамбыл облысының Қызыләуіт ауылында көреді. Оның ХІХ ғасырдың соңында тігілгенін үй иесінен естігенде шекпен топтамасын жасау керек деп ой түйеді.

Ескі ескіріп, жаңа нәрселердің жасалмай жатқан тоқсаныншы жылдардың қиын – қыстау кезінде дизайнерге бұл еш кедергі болмай, ол кісі «шекпен» өнерінің қарапайым ырқына берілген, бұл туралы кейінірек өзінің ғылыми мақаласында жазатын болады.

Сонымен шекпен дегеніміз не? Бұл түйе жүнінен жасалған кең және айтарлықтай ұзын жамылғы. Айырықша ерекшелігі: жағасы тік, кең айқастырылып жинақталады. Оны ең стильді дала адамдары киген, ықшамды дизайн, табиғи материал, айқын фасон. Осы шекпенді ойлап тапқан адам, ерекше талғамға ие адам болған. Бір кездері бұл мата мен фасонды біздің Орталық Азиядағы көршілеріміз де жоғары бағалаған, мысалы Хорезм қарақалпақтары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында түйе жүнінен жасалған шекпенді байлардың дәстүрлі сыртқа шығатын киімі ретінде қастерлеген, оны қазақтардан сатып алған, кейде сатып алынған жүннен (оны да қазақтардан сатып алған) өздері де тоқыған. («Орта Азия және Қазақстан халықтарының дәстүрлі киімі», Мәскеу, «Ғылым», 1989 ж.).

Міне, осындай затты Тараз қаласындағы «Асыл-дизайн» сән үйінің эксперименттік зертханасында дизайнер Айдархан Қалиев шын мәнінде шекпенді жасаудағы көне технологиясын сақтай отырып, қалпына келтіруге шешім қабылдаған екен. Алдымен, бұрынғыдай боталардың жүнін жинап алып, оны жіп иіргіш ұршықпен иіріп, қалпына келтірілген білдекте матаны тоқып алған. Осы барлық жұмыс барысында оған Қызыләуіт ауылынан келген көне шекпеннің иесі көмектесіпті.

«Матаның ені 30 см, ал ұзындығы шамамен 10-12 м болды, ұзындығын кесуге қорықтық, себебі тарқалып кететін шығар деп ойладық» – дейді Айдархан Қалиев.

Айдархан көне матаны қалпына келтіріп қана қоймай, түйе жүнінен иірілген жіпті түрлі фасонды (мақта, меланж, бүртіктелген) иірімжіптермен есіп байытып, түрлендіреді. Осы топтамасы үшін, дәлірек айтсақ, осы тарихи ғылыми зерттеу үшін жақында ол өнертану доценті атағын алады, ал «Ұлы дала» модельдері (топтаманың атауы) Ресей, Өзбекстан, Латвия және т. б. елдердің подиумдарында көрсетілетін болады.

Айтпақшы, сол сәнді киімдердің арасында фабрикалық өндірістен шыққан түйе жүнінен тоқылған біреуі болды, оны бір кездері атақты болған Қарғалы шұға комбинаты, Жетісудың ең көне фабрикасы шығарған болатын.

Шопандар онда түйе мен қойдың жүнін, ешкі түбітін XIX ғасырдың басында тапсырған. Революция мен соғысты бастан кешірген Қарғалы комбинаты қайта құрылу кезінде төтеп бере алмай құрдымға кетті. Айдархан Қалиевке атақты фабриканың бірнеше метр матасы ғана бұйырған екен, ол одан топтамадағы ең күрделі модельдердің бірі – толығымен кестеленген және қаракөл елтірісімен әрленген шекпен тігіп шығарған.

Қарғалы шұға-мәуіті комбинатының матасы жалпы қазақ үлгісінде киім тігу үшін өте қолайлы еді. Оны кеңестік дизайнерлер сәтті пайдаланды. Саны 40-қа жететін үлкен ұлттық коллекция жасаған.

Мұны қазір қайта шығаруға бола ма? Айдархан Қалиевтің бүкіл тәжірибесі шекпенді жеке тәртіпте жандандыруға болмайтынын көрсетеді. Мемлекеттік бағдарлама мен өнеркәсіптік қарқын қажет. Өйткені егер шекпенді ескі технология бойынша жасайтын болсақ, тоқсаныншы жылдары «Асыл-дизайн» сән үйінде тәуекел еткендей, бүгінде оның бағасы жарты миллион теңгеге жетіп қалады. Мұндай бағамен тіпті жарасымды қазақ шекпенінің сәнге айналуы екіталай. Қалай болса да, сәнге айналса екен деп қалаймыз.

Себебі, нарықта толып жатқан жалған қазақи киімдерге қарағанда, шекпен ол біздің нағыз өнеріміз бен шынайы тарихымыз. Мысалы, жапонның кимоносы немесе үндінің сариі сияқты.

Себебі киім сәйкестендірудің өте маңызды құралы болып табылады. Бұл өзіне тән, бірақ бәріне түсінікті тіл, яғни сол арқылы біз қайдан, кім екенімізді, не қалаймыз және қолымыздан не келетіндігін жеткізе аламыз. Бірақ алдымен мұны өзіміз түсніп алсақ жақсы болар еді, ол үшін бізге көзге көрінетін зейнет қажет. Бүгінде «қазақ киімі» деген сөзбен туындайтын визуалды бейнелерге шын мәнінде жанама көзқарас бар деп айтылып келеді. Кеңес театры кезінде шыққан ыңғайсыз бірнеше бүрмелі көйлек пен алтын жіппен кестеленген синтектикалық шапан киюге деген құлшынысты тудырмайды. Оған қарағанда, әжелеріміз жарасымды барқыт камзол, ал аталарымыз қысқы кеште қарапайым шекпен киюді ұнататын.

Мүмкін, бізде өзі әдемі, әрі күнделікті өмірде киюге ыңғайлы қазақ даласының өзіндік сән үлгісі болғандығы есімізде шығар?

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров