Экосән – батыл шешім бе әлде ұят па?

Express Qazaqstan
Аружан Искаковой и Гаухар Гончаровой / facebook.com

Сөмкеден жасалған қалпақтар, қиқым мен үлдірден құралған пиджактар, ескі джинстен тігілген жейделер – отандық жас дизайнерлер экосән стилінде өз күштерін сынап көрді.

22 жастағы ақтөбелік Аружан Ысқақова Алматы технологиялық университетінде соңғы курста оқып, сән әлемінде алғашқы қадамдарын жасауда.

Біздегі жағдай осындай: үлгілердің суретін жақсылап саламыз, бірақ ойлаған өз идеяларымызды дұрыс жүзеге асыруымыз ең қиын мәселе – дейді ол сөзінде. Жергілікті менталитет пен киім-кешек тұрғысынан стереотиптер көптеген дизайнерлердің қолын байлауда. Нақты айтқанда мамандардың бәрі ойындағы қалаған нәрселерін шығара алмайды. Тіпті әдемі болып шықса да, бұл нәрсен ұят деушілер бар.

Аружан бидің арқасында осы сән және дизайн әлеміне тап болған. Бір кездері хип-хоп билеп, сол салада сабақ берген. Сол бір сәтте сегіз қырлы бір сырлы сұлуды сән әлемі баурап алғанын айтты.

Эскиздерде көрсетілген нәрселер басқа, ал іс жүзінде ол неге тіптен басқаша болып шығады деген сұрақтарды көп адамдар қояды дейді Аружан. Мысалы, мен сурет салған кезде киімнің адамдарға қалай жарасатынын бірден елестетемін. Сызып суретін салу оңай, ал енді тігіп, жасап шығаруға келгенде нағыз тығырыққа келіп тірелеміз, жарасымды, лайықты матаны табу өте қиын дейді.

Жақында өз дағдыларын іске асыруға Аружанның үлкен мүмкіндігі пайда болды. Ол жас дизайнерлердің республикалық байқау алаңы болды. Өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін бір апта қалғанда ғана шешім қабылдапты. Эскиздердің түр-түрін салып, конкурсқа қатысып, ақыры финалға өттім дейді.

Нәтижесінде мәреге жетіп жеңімпаз болмадым, бірақ бұл байқаудың арқасында сенімділік пайда болды. Мен үшін финалға өту – оның өзі үлкен жетістік. Осы жолдан таймай, бар ықыласыммен тырысып Қазақстанды бағындыруға тырысамын, кім біледі? мүмкін Еуропаны бағындырармын – деп сөзін аяқтады.

New Generation Open Way 2020 байқауы Қазақстанда өте танымал. Өкінішке орай, биыл ұйымдастырушылар әдеттегі форматтан өзгеше өткізуге мәжбүр болды, сондықтан іс-шараның көп бөлігі онлайн форматта өтті.

Бұл байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алды, бірақ жас дизайнерлерге ерекше ықылас беріледі. Жүздеген үміткерлердің тек 18 финалға өтті. Қазылар алқасының пікірінше, ең үздік жұмысты Алмас Керімбеков ұсынған. Ол ескі шайтанарба шиналарынан жасалған костюмді көрсетті. Осы байқаудағы керемет жүлделердің бірі – Қазақстандық сән апталығында өз киім топтамасын көрсету.

- Бұл байқауды біз тоғызыншы жыл өткізіп отырмыз. Міндетіміз де өте қарапайым: дарынды жастарды анықтау, сондай-ақ Қазақстанның жас дизайнерлерінің жаңа буынын құру дейді байқауды ұйымдастырушылардың бірі, Kazakhstan Fashion Week PR-директоры Ботагөз Алдонғарова.

Қазылар алқасының пікірінше Қазақстанда талантты дизайнерлер жеткілікті. Олар қазіргі заманнан қалыс қалмай, заманауи өз қиялдарымен таңғалдырады. Айтпақшы, төрешілер жұмысты бағалап қана қоймай, қажетті кеңестер беріп, шеберлік сабақтарын да өткізді.

Байқаудың тақырыбы экология болды. Бұл жолы да балалар бізді таң қалдырды: көптеген жұмыстар технологиялық тұрғыдан қызықты болып көрінді. Ескі тозығы шыққан заттарға қалай жаңа өмір сыйлауға болатындығын шығармашылық түрде көрсетті! – деп Ботагөз таңырқана айтады.

Конкурстық жарыстардың тағы бір дебютанты – Наргиза Нугманова. Нәзік жандылар үшін экология тақырыбы ерекше, жанына жақын нәрсе. Ақтөбелік қыз қоршаған ортаға қалай көмектесуге болатындығы туралы бұрыннан ойланған екен. Ақыры ойлап тауыпты! Осы жылдан бастап ол маталы сөмкелерін тігуді бастаған, ал егер сатып алушылар қаласа, оларды өз қолымен әшекейлеп береді екен. Алматы технологиялық университетінің студенті оқуын қашықтықтан меңгереді, ал бос уақытын сөмкелер тігуге және киім әзірлеуге жұмсайды.

Наргиза өз жұмысында қайта өңделген материалдарды қолданды: зығыр, деним және күңгірт үлдір (төрт рет қайта өңдеуге болатын термопластикалық полиуретан).

Бір ақтөбелік дизайнерді қазылар алқасы ерекше атап өтті. Гаухар Гончарова – байқауда жеңіске жетуді қажет етпейтін жалғыз адам. Ол студент емес, бірақ 31 жастағы бес балалы ананың жұмысы финалға сенімді түрде жетті.

Гаухар – өз арманына алған бетінен қайтпай ұзақ жеткен адамның өнегесі. Бұл батылдық, бірегей көркемдік көзқарас, бір болмыстағы кемелдік пен жаңалық – деп есептейді Ботагөз Алдонғарова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров