Астаналық экономист Айна Үсенова АҚШ-тағы Ironman әлем чемпионатына ілікті

Express Qazaqstan
Айна Усенова / facebook.com

Жақында болған Ironman Turkey жарысында қазақстандық қызымыз сәтті өнер көрсетті.

Анталияда ол екі шақырым жүзіп, 90 шақырым велосипедпен жүріп, 21 шақырым жүгіріп өткен. Ол барлық қашықтықты 5 сағат 18 минут 51 секундта жүріп өтіп, келесі жылы АҚШ-та өтетін Ironman әлем чемпионатында өнер көрсету құқығын алды. Ол жерде тек үздік қатысушылар ғана жиналады.

Үсенова экономика магистрі және астаналық банктердің бірінде жұмыс істейді. Үш жыл бұрын ол өз достарымен астанадағы Ironman қашықтығының жартысын еңсере алатынына бәстескен екен, сол кезден жаттығып бастапты.

Мен таңертең тұрып жаттығумен айналысамын. Күн сайын 5.15-те тұрамын, себебі 06.00-де жаттығу басталады. Таңертең күннің ұзақтығы мен толықтығын сезінесін . Тіптен спортпен шұғылданбасыңыз да күнде таңертен ерте тұруды сіздерге де ұсынамын. Таңғы уақыт барлық нәрсе үшін өте тиімді. Менің өмірлік уәждемем – кешегі күннен жаман болмау, ал ертеңгі күні – бүгінгі күннен жақсы болу. Менің осы әуесқойлығымның арқасында жұмыста жағымды әсер береді, өйткені триатлон тәртіпке дағдыландырады, әр секундты бағалай білуге және өзіне сенім артуға үйретеді.

Сондай-ақ Айнаның айтуынша ол қазір төзімді болып, сирек ауратындығын атап өтті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров