GGG қарсыласы Мунгия деген мұңлық кім?

Экспресс К
latimes.com

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 7 мамырда өтетін болды. АҚШ-тың Техас штатында өтетін айқаста қазақстандық кәсіпқой боксшы Головкин өзінің чемпиондық белбеуін қорғайды. Қарсыласы – мексикалық Хайме Мунгия.

"Экспресс К" оқырмандарына Сауль Алварес Канелоның қандасы, отандасы Мунгияны таныстырамыз. Геннадий Головокин былтырғы жылдың соңында Польша боксшысы   Камиль Шереметаға қарсы шайқасып, чемпиондық белбеуін қорғап қалғанда келесі қарсыластарының бірі ретінде осы Мунгияның да есім-сойы аталған болатын. Жалпы Головкинге қарсы жекпе-жеке түсуге Хайменің көңілі ерекше ауып жүр.

IBF версиясы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына таласатын Хайме Головкиннен 13 жас кіші. Кәсіпқой боксқа 2013 жылы 17 жасында ауысқан оғлан осы күнге дейін 36 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Хайме Мунгия Fight Hub TV-ға берген сұбатында Головкин туралы былай дейді. "Геннадий Головкин – GGG көптің бірі емес. ол кәсіпқой бокста 41 жекпе-жек өткізіп, өзіндік жолын әйгілеген боксшы. Оған қарсы айқасқа шыққанда жоспар құрғаныңмен, гонг үні естілгеннен сәттен-ақ басқаша өрбиді. Оның Сауль Альвареске қарсы өткізген жекпе-жегін бірнеше рет қайталап көрдім. Әлі де қараймын, зерттеу үшін". Осы сұхбатында Мунгия мұңлық Альварес Генаны жеңу үшін барлық күшін сарқыған жоқ деген сыңайдағы пікірін айтыпты. Әрине жерлесі болған соң іштартатыны белгілі.

Хайме былтыр бірінші орта салмақтан (69,85 келіге дейін) орта салмаққа ауысып, (72,6 келі) екі рет жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ирландиялық Гари О Саливанды 11-раундта техникалық нокаутпен ұтты, одан кейін Багам аралының боксшысы Туреано Джонсоннан басым түсті.

Қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемдегі бокссүйер қауымға да Сауль мен Геннадийдің үшінші мәрте жекпе-жекке түскені қызық.

"Канелодан" сұхбат алушы тілші біткеннің ең өзекті сауалы да осы үшінші айқас туралы. Сондай бір сұхбаттасу барысында Саульдің аузынан сөз сауып алуға тырысқан журналист "Головкинге қарсы үшінші рет айқас өткен жағдайда ақыры немен тынады?" деп сұрапты. "Біз екеуміз 24 раунд шайқастық, алғашқы айқаста тең түстік, екінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен мен жеңдім. Енді мен түтіп жіберемін, тіпті нокаутпен жеңемін. Сонда халық оның жасы келген соң жеңілді деп ақтап алуға тырысады" деген жауап айтады Альварес.

Кәсіпқой спортта жасың 35-тен асқаннан кейін шау тартатының ақиқат. "Канело" жасы 38-ге келген Головкинге қарата айтқанда осы жағын меңзеп отыр. Сауль Альварес кезекті жекпе-жегін өткен қаңтар айында өткізіп, түрік Абни Йлдырымды 3-раундта нокаутпен жеңіп, WBA и WBC тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуін қорғады. Енді ол да мамыр айында Англияның әйгілі боксшысы Билли Джо Сондерске қарсы айқасады. Егер Сондерсті "сындырса" оның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша да әлем чемпионы атанады.

Қалай болғанда да Геннадий Головкинге Сауль Альвареске қарсы үшінші рет жекпе-жек өткізу оңай тимейді. Оны мойындау керек. Бір анық нәрсе, Мунгиядан да мықты екенін дәлелдесе, "Канелоға" қарай жақындай түседі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров