Дамир төртінші шайқасына шығады

Express Qazaqstan

ufc.com

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК

Аралас жекпе-жек лигасындағы ең үздік промоушн саналатын UFC додасында айқасқа түсетін Дамир Исмағұловтың келесі айқасы 15 мамырда өтетін болды.

"Экспресс К" оқырмандары Ресейде туған қазақ Дамир Исмағұловтың осы уақытқа дейін UFC октагонында бірнеше жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткенін біледі. 2018 жылдың 1 желтоқсанында ізашар айқасын аустралиялық Лекс Горджеске қарсы өткізіп, ұтқан болатын. Екінші айқасын 2019 жылы 23 ақпанда испандық Хоэль Альвраесті де төрешілердің шешімі бойынша жеңді.Содан кейін Дамир жарақаттанып біршама уақыт айқасқа шыққан жоқ. Үшінші жекпе-жегін Қытайда өткізіп, бразилиялық Тиаго Мойзесті жеңді.

Дамир Дана Уайт иелік ететін UFC промоушнмен төрт жекпе-жекке келісім жасасты. 15 мамырда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC-262 турнирінде бразилиялық Рафаэль Албеске қарсы айқасқа шығады.

Рафаэль Албес қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені 2018 жылдың маусым айында қазақстандық спортшы Бейбіт Назаров АҚШ-та өткен TITAN FC-50 промоутерлік компаниясының доддасында дәл осы Рафаэль Албеске қарсы айқасып, 3-раундта гильотин әдісіне түсіп қалып есе жіберген болатын.

"Бразилиялықтар тікесінен тік жүріп (стойкада) айқасудан гөрі күреске, өздерінің төл өнері саналатын грэпплинг секілді күресу тәсілімен шайқасқанды қол көреді. Сол жекпе-жекте де Албес партерде күрес тәсілдерін қолданып, құрығына түсіріп кетті. Физикалық дайындықтары да өте жоғары бұл спортшының. қандасымыз, ресейлік файтер Дамирге сәттілік тілеймін" дейді ALEM FIGHTERS кәсіпқой спорт клубынынң бапкері Бейбіт Назаров.

Бразилиялық спортшы UFC аламанындағы алғашқы айқасына түседі. Дамир Исмағұлов пен Рафаэль Албес айқасатын сайыста америкалық Майкл Чендлер бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін октагонға шығады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров