Мокинге-құрмет, Францияға-ізет. Футболдан әлем чемпионынан Қазақстан қалай ұтылды?

Экспресс К
prosports.kz


Футболдан Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» әлем чемпионы Франциядан жеңілді. Бірақ, бұл жеңіліс бұрынғылардан өзгерек. Өйткені, жаһан көз тіккен ойында, аутсайдер саналған біздің құрама азулы топқа тиісті тегеурін көрсете алды.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен бұл матчқа, өкінішке қарай, допинг дауынан кейін футболдан шеттетілген Бауыржан Исламхан мен таяуда жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов қатыса алмады. Бір жылдың ішінде былтырғы құрамның тоғыз ойыншысы ауысып үлгерген. Оның үстіне қақпаға ұзақ уақыт үзілістен кейін 40 жастағы Александр Мокин тұрғанда, «қалай болар екен» деген күдік жанкүйерлердің көңіліне күдік ұялатты.

Ал, француздар әлем жұлдыздары Мбаппе бастаған, Гризман қостаған, Дембеле, Погбасы топ жарған құраммен келді.

Матчты біздің құрама белсенді бастағанмен, қауіпті шабуыл жасай алмады. 2018 жылғы әлем чемпионы артық қимылдауға, осал тұсын табуға еш мүмкіндік бермеді. Басында барлаған француздар, ойынның 20-шы минутында біздің қақпаны бағындырды. Усман Дембеле айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеді.

Ал, 44-минутта бұрыштан әуелеген допқа талас барысында Сергей Малыйдың өз қақпасына гол соғып алуы, «әттеген-ай» деп бармақ тістетті. Осылайша, бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда да қонақтар жиі шабуылдады. Шыны керек, қақпашы Мокиннің қайсарлығы болмаса, есеп айырмашылығы едеуір ұзайтын еді. 74-минутта бас төреші Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Ойынға тыңнан қосылған Мбаппе шірене тепкенімен, әлемнің ең қымбат ойыншысының соққысын Мокин қайтарды. Одан кейін де Мокин қауіпті сәттерге төтеп беруімен, осы ойынның басты қаһарманына айналды десек артық айтқандық емес. Матч соңына дейін есеп өзгермей, француздар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы ойыннан кейін Қазақстан Құрамасы 0 ұпаймен D тобында көштің соңында тұр. Ал, іріктеуде екі ойын өткізген француздар 4 ұпаймен әзірге бірінші орында. Босния және Герцеговина, Финляндия мен Украинаның еншісінде бір ұпайдан бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров