Еркектің «қолтаңбасы» әйелдің жатырында мәңгі қала ма? Телегония теориясы жайында

Express Qazaqstan
«Стиляги» фильмінен кадрлар

Әйел адам бұрын жыныстық қатынаста болған еркекке ұқсас бала туады деген теория ХХ ғасырда ғылымға қайшы деп танылды. Телегонияның (грек тілінен аударғанда, tele – «алыс», gone – «шығу тегі») негізін Аристотель қалаған. Жаңа ғасырда бұл теория қайтадан зерделеніп жатыр.

Пәк қыз белгісі 

Алматы Менеджмент университетінің қызметкері, биология ғылымдарының докторы Сергей Нелидов – некеге дейін пәктікті сақтауды барынша қолдап жүрген азамат. Ол «Целомудрие и девственность» («Қыз абыройы мен пәктігі») деген кітап жазған.

Бәдәуйлер қолға ту алып соғысқанда арасында пәктігінен арылмаған қыз болады екен, – дейді Сергей Нелидов MM.kz радиосына берген сұхбатында. – Шейхтың қызы түйемен алда келе жатады. Ал адамдар оны қорғаймыз деп өліп кетеді. Славяндарда мал төлді болуы үшін оларды қақпаның үстінде талтайып тұрған пәктігі бар қыздың астынан өткізген. Шарап шығаратын халықтарда жүзімді бірінші болып осындай қыз таптайды. Бұлай жасалған шарап ұзақ сақталады әрі түсі өзгеше болады. Ал үнділерде төсектегі қан неке құжаты саналған. Абыздар алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы дұға оқып, салтанатты түрде жерге көметін болған.

Нелидовтың айтуынша, соңғы кездері телегонияны растайтын жаңа технологиялар шығарылып жатыр. Профессор бұл жерде аналық жасушаның түйіндеріне енгізілетін генетикалық материалды айтып отыр. Ал қыз балаға аналық жасуша туыла салып берілетінін белгілі.       

Қарсы жауап

Телегония теориясына феминист әйелдер наразы. Олар бұны бағзы заманның салты әрі жабайылық деп есептейді. Кейбірі тіпті еркектердің телегониясы туралы жазады. Бір жігіт Африкада болып қайтыпты. Еліне келген соң бір сұлу қызға үйленеді. Бірақ әйелі африкалыққа ұқсайтын бала туады. Бұл жерде жігіт кінәлі. Ол Лимпопо жағалауында бірдеңе бүлдірген.

«Кинологиялық клубта жұмыс істеп жүргенімде, телегония дегенді жиі еститінмін, – деп жазыпты бір бикеш. – Бірер жыл бұрын бірулер ұрғашы иттің асыл тұқымды еркек иттен туған асыл тұқымды емес күшіктерін көрсетті. Кейін тексере келе ол иттің бетімен жіберілгені анықталды».

«Меніңше, телегонияны күйеуіне мүлдем ұқсамайтын бала тапқан бір қу келіншек әдейі ойлап тапқан сияқты. Яғни солай түсіндірмек болған, – дейді бір әлеуметтік желі пайдаланушысы. – «Ол кезде түк білмейтін тым жас едім, бір конголықпен байқамай жатып қойып, сол жатырымда із қалдырыпты» дегендей. Біраз уақыт өткеннен кейін барып бойға бала бітетін кездер болады. Сұр жылан мен кейбір кесірткелердің ұрығы көп уақытқа дейін сақталып тұрады. Күйеуі нәпақа табуға кетіп, бір жылдан кейін келсе, әйелінің аяғы ауыр екен. Мұны шәухат құрсақта солай сақталып қалған деп түсіндіруге болады. Яғни әлгі кесірткелерді мысалға келтіресіз».

ДНК толқыны

Кейбір зерттеушілер ДНК деген ақпарат сақталған қатты диск емес, жәй ғана қабылдаушы деп есептейді. Мысалы, телегонияны қолдаушы мәскеулік биология ғылымдарының докторы Петр Горяев ДНК тіршілік иесінің ішкі дүниесі туралы деректі сырттан қабылдайды деп есептейді. Әрі ол кванттық болып келеді. Ұрықтанған жасуша өсіп жатқанда, оны ғарыштан жеткен жеткен ақпарат қоректендіреді.

Горяевтың ойынша, алғаш төсектес болған адамның шәухаты әйелдің бойына жақсылап сіңіп, толқынды із қалдырады.

Жалпы, әйелдерге көмектесуге болады. Ғалым бикештерге телегонияны бұғаттап тастаудың жолын ұсынып жүр.

Хромосомаға жол

Телегония болсын-болмасын, оның әке болуға еш әсері жоқ. Еркек бәрібір де өз хромосомасын жібереді. Қалай болғанда да, ол өз баласына 50 пайыз үлес қосады. Бір жағынан, телегония теориясы моральдық тәрбие тұрғысынан жаман емес. Оны жақтаушылар Батыстағы сексуалдық төңкеріс кезінде осы теория ысырылып тасталды дейді. Өйткені бұл еркіндікке кереғар нәрсе еді.

Қалай десек те, пәктік мәселесі тек қыздарға ғана тән болмауы керек. Бұл жерде де тепе-теңдік қажет. Пәк қыздарға тек пәк жігіттер сай болуы тиіс емес пе?

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров