Алматылық антиквардың сиқырлы тегенесі

Express Qazaqstan

НАҒЫЗ ҒАЖАП

Алматылық антиквар Азат Әкімбектің тегенесі – нағыз ғажап. Егер тегененің тұтқасын үйкелесе ішіндегі су бұрқылдай бастайды. Бір жолы Азат Әкімбектің ләпкесіне  Қытай елшілігінен қонақ келіпті. Сөреге қойылған ыдысты көріп, келуші оның баға жетпес артефакт екенін бірден түсініп, оның қасиеті туралы айтыпты. «Егер, сіз тұтқаларды үйкелесеңіз ішіндегі су бұрқылдай бастайды» депті. Содан Азат Әкімбек бірден байқап көріп, оның рас екеніне көзі жетіпті.

Тегененің  қасиетін көптеген журналистер тексеріпті. Олардың арасында ресейлік Рен-ТВ телеарнасының түсірілім тобы да болыпты. Осы сиқырлы тегене туралы ресейлік тележүргізуші Игорь Прокопенко өзінің «Құдайлардың тағамы» атты кітабында жазды.

«Осыдан кейін бұл тегенеге табыну басталды» – дейді Әкімбек «ЭК» тілшісіне. Жұмысқа келсем ұзын-сонар кезек тұр. Жәй ғана көріп кетуге адамдар келе бастады. Ақыр соңында осы тегенені  бір жақсы адамға сыйға тарттым.

Азат Әкімбек ұйғыр князьдерінің руынан шыққан. Ежелгі уақытта бұл ыдыс оның отбасында сақталған екен. Тіпті тәжірибелі антиквар мен ақсүйек болса да, бұл зат соншалықты ерекше деп ойламаған. Кейіннен осы тегенені биофизик Виктор Инюшин зерттеген. НАСА тарапынан да қызығушылық болыпты. Мұндай қасиеті бар ыдыстарды этнографтар бұрындары да жазған. Бірақ олардың барлығы дерлік жоғалып кеткен дейді. Қорытпаның өзі алтынды қосқанда жеті металдың құрамынан тұрады. Бұл тегенені кім жасады? Басқа планеталықтар ма? Ерте өркениеттердің өкілдері ме? Бұл сұрақтар әлі де жауапсыз қалуда.

Бәлкім тегенедегі  судың қызуының құпиясын ашып, адамзат Никола Тесла айтқан эфирдің шексіз энергиясының құпиясын білетін шығар. Мүмкін, оның ішінде Аладдиннің сиқырлы шамындағыдай жын бұғауланған ба екен?

Деректердің біріне сүйенсек, бұл тегене Тұрпандағы Мың Будда үңгірлерінде сақталғандығын көрсетеді. Бұл кешен 1500 жыл бұрын құрылған. Мұнда келген діндарлардың бәрі тексеруден өткен. Азат Әкімбек «Егер адамдардың ниеті жаман болса, тегенедегі су бұрқылдамаған, ал ниеті түзу, ықыласы адал адамдардың қолынан осындай ғажап туындаған. Мен өзім де осылай біраз адамдарды бірнеше рет тексердім» – деп мойындайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров