СЭС басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондар жұмсаған

Экспресс К

Алматыда санэпидемстанция өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондаған теңге қаржы жұмсаған. Бұл жөнінде белгілі дәрігер Қайырғали Көнеев мәлімдеді,- деп хабарлайды malim.kz

"Қоғамдық жұмыстарымның аясында Алатау аудандық СЭС-нің 5 миллион теңге бюджет қаржысын өмірде жоқ күзет қызметіне жұмсағанын білдім. Яғни, бюджет қаржысын жымқырған. Осы мәлімет бойынша, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сұрау салдым. Бүгін расталған жауап алдым. Шынымен де СЭС басшылары бюджеттен өмірде жоқ күзет қызметіне 5 миллион теңге бөлген", — дейді Көнеев.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дәрігер сұрауына берген жауабында 2 жылдан бері Алатау ауданының СЭС-і күзетсіз жұмыс істеп келгенін және тексеру құжаттары құқық қорғау органдарына табысталғаны жөнінде айтылған.

"Департамент басшысының бастамасы бойынша 01.05.2020 және 01.02.2021 жылдар аралығында басқармада (Алатау ауданының СЭС-і-ред) күзет қызметінің болмауына байланысты тексеру жүргізді. Тексеру барысында басқармада соңғы екі жылда күзет қызметі болмағаны анықталды. Тексеру құжаттары тергеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес шараларды қабылдау үшін Алматы қалалық ҰҚК арқылы құқық қорғау органдарына берілді", — делінген департамент берген жауапта.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров