Ақмола мен СҚО-да су тасқынының қауіптілігі төмендеді

. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

pixabay.com

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл және Жабай өзендерінде судың төмендеуі байқалады, су тасқыны қаупі айтарлықтай төмендеді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

"Ақмола облысының аумағында жоспарлы ұшу су тасқыны жағдайы қалыпты екенін көрсетті. Жалғыз қауіп Колутон өзенінің кей бөліктерінде байқалады. Бір апта бойы су деңгейінің көтерілуі байқалған. Қазір ол төмендеуде. Шамамен 10-14 күннен кейін жағдай қалпына келуі тиіс", — делінген ТЖМ басшысы Юрий Ильиннің су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралау қорытындысы бойынша хабарламада.

Ұшу барысында Ақмола облысының Целиноград, Астрахан, Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандарының және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Аққайың, Тайынша, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарының су тасқыны қауіпті учаскелері мен елді мекендері тексерілді.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, Есіл өзені арнасының төменгі жағында су деңгейі көтеріліп, су өзен бойын толтыратыны анықталды.

"Су тасқыны шыңы Есіл ауданының Покровка ауылының маңында өтеді, деңгейдің көтерілуі сыни белгілерге жетпейді. Өзен арнасы таза, мұз құбылыстары байқалмайды", — делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров