Атырауда ғашық жігіт жесір әйелді балталап, өзі асылып өлді

Express Qazaqstan

bezformata.com

Атырауда махаббатқа мас болған күдікті жесір келіншектің басынан балтамен бірнеше мәрте ұрып, кейін өзі асылып өлді. Жантүршігерлік жағдайдың қалай болғанын тергеушілерге әйелдің кәмелетке толмаған қыздары айтып берген. Анасын балталап жатқанын көзімен көрген балақайлар қазір психологтардың бақылауында. Абырой болғанда бас сүйегі сынып, миына зақым келген 34 жастағы әйел аман қалды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Кеше 10:45-те қабылдау бөлімшесіне бас ми жарақаттарының белгілерімен 87-жылы туған әйел адам түсті. Тексеру барысында ашық ми жарақаты, бас сүйектерінің сынуы, мидың ауыр дәрежеде соғылу диагнозы қойылды. Қазіргі кезде бөлімшеде ем алуда. Операция қажет етпейді. Емі концервативті түрде өтеді"- деді Атырау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Еркін Ербөлеков.

Өз өзіне қол жұмсаған күдікті, келіншекті дәл осы үйде қыздарының көзінше бір ай бойы зорлап келген. Қанды оқиға да осы жерде болған. Жәбірленуші өзіне сырттай ғашық бір азаматтың тыным бермей жүргенін айтып, бірнеше рет полицияға арыз жазған. Бірақ учаскелік полиция жалғызбасты әйелдің шағымына құлақ аспапты. Керісінше тергеушілер келіншекті ешқандай арыз-шағымым жоқ деген қолхат жазуға мәжбүрлеп, күдіктіні қорғаштаған. Енді осы оқиғадан кейін дер кезінде шара қолданбаған полицейлердің өзі тергеліп жатыр.

"Аталаған дерекке қатысты ҚК-тің 106 бабы, денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ҚК 371 бабы, салғырттық бойынша іс жүргізілуде"-деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров