ХОК олимпиадашылар COVID-19-ға қарсы вакцина алады деп сенеді

. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

skysports.com

Токиодағы Олимпиаданың көптеген қатысушылары CОVID-19 коронавирусына қарсы вакцинацияланады, деді ХОК басшысы Томас Бах.

"Мен олимпиадалық ауылда тұратын қатысушылардың көпшілігі вакцинацияланады деп айта аламын", — деді ол Швейцариядағы баспасөз мәслихатында.

Бах ХОК белгілі бір елдерде вакцинация барысы туралы алған хабарламаларға сүйене отырып, осындай қорытынды жасағанын түсіндірді. "Біз үлкен прогресті көріп отырмыз", — деді ол.

Сонымен қатар, ХОК басшысы Олимпиадада спортшылар үшін вакцинация міндетті болмайтынын атап өтті. "Жарыс басталғанға дейін-екі ай. Біз бұл кезеңде вакцинацияны міндетті етіп жасай алмаймыз", — деп түсіндірді Бах.

Токио Олимпиадасы 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров