Қазақстан
Елімізде бетперде қымбаттауы мүмкін


© ТАСС
Қазақстанда мамыр айынан бастап медициналық маскаларға енгізілген шекті баға күшін жояды.Денсаулық сақтау министрі, сауда және интеграция министрі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бірлескен бұйрыққа қол қойды, -деп хабарлайды nege.kz.
Осылайша, "Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" қаулыны бекітті.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 15 қазандағы, 2020 жылғы 14 шілдедегі және 2020 жылғы 6 сәуірдегі бірлескен бұйрықтардың күші жойылды. Олар бір реттік үш қабатты медициналық маскалар үшін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеуді көздеген: тиісінше 60 теңге, 85 теңге және 60 теңге.
Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, былтыр пандемия кезінде Қазақстанда медициналық маскалардың тапшылығы байқалып, кей жерлерде тауардың бағасы қымбаттады. Жағдайды тұрақтандыру үшін маскаларға шекті баға енгізуге мәжбүр болды.
Бөлісу