Андрей Тихонов «Шахтерге» қарсы матчта «Астананы» басқара алмайды

Express Qazaqstan

prosports.kz

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов 7-турда қарағандылық «Шахтерге» қарсы матчта команданы басқара алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихоновтың тамағы ісіп, ангинамен ауырып қалуына байланысты қарағандылық клубқа қарсы матчта команданы басқара алмайды.

Осы орайда қарағандылықтарға қарсы ойында команданы бас бапкердің көмекшісі Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлы басқарады.

Чемпионаттың алты турынан кейін елордалық клуб 14 ұпаймен көш бастап тұр. "Шахтер" үш ұпаймен 11-орында келеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров